Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы алаңның бірінде 5 жастағы баланы ат тепті

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 243

Оралдағы Тұңғыш президент алаңында бес жастағы баланың басынан жылқы тепкен. Бала орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 27 шілде күні сағат 19:00 шамасында Тұңғыш президент алаңында болған. "103" операторының пультіне жылқы баланың басынан тепкені туралы хабар берілген.

"Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.