Русский Сайттың толық нұсқасы

30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2024
  • 332

Ғарыштық зерттеу институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, 30 шілдеде G1 деңгейлі магнит дауылы басталды, ол кешке қарай максималды бес деңгейдің G3 деңгейіне жетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Геомагнит дауылы 31 шілдеде ғана G1-G2 деңгейіне дейін әлсірей бастайды. 1 тамыз түстен кейін қайтадан көтеріліп, кешке G1-G2 деңгейінде сақталады.

2 тамыздан 24 тамызға дейін қалған күндері магнитосфера тыныш болады. Ал 25 және 26 тамызда тағы да магнит дауылы болады деген болжам бар.

Геомагнит дауылы – күн желі ағындарының әсерінен Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Магнит дауылдары электроникаға кедергі келтіруі мүмкін. Ауа райына тәуелді адамдар мұндай кезде өзін нашар сезінуі мүмкін.