Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет басшысы ерікті өртке қарсы құрылымдарға қолдау көрсетуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2024
  • 307

Үкімет басшысы ерікті өртке қарсы құрылымдарға қолдау көрсетуді тапсырды 

Қазіргі уақытта Қазақстанның елді мекендерінде 252 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істейді. Жыл басынан бері еріктілердің күшімен 245 дала өрті сөндірілді. 

Премьер-Министр былтыр ерікті құрылымдарға заңды тұлға мәртебесі берілгенін еске салды. Олар жүргізген жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. 

 Олжас Бектенов әкімдіктерге өртке қарсы бекеттер мен ерікті құралымдарды ұйымдастыруды жалғастыруды, оларды өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.