Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда InDrive такси жүргізушілеріне ұзақ қашықтыққа жүруге тыйым салынбақ

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2024
  • 306

Көлік министрлігі InDrive-тың облыс аралық қызметіне шектеу қойылатынын айтты. Айтуынша ұзақ жолдағы такси қызметін шектеу арқылы автобус қозғалысын жандандырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, InDrive қызметі азаматтар арасында облысаралық маршруттарда танымал

"Мұнда екі мәселе тұр. Өкінішке орай, салдарынан тұрақты автобус қызметтерінің қолданылуы азайды. Орташа жылдамдыққа қатысты енгізілген норма тұрақты автобус қызметтерінің қайта жандандырады деп ойлаймын. Көпшілік InDrive-ты жылдамдықты рұқсат етілген нормадан асырып тез жүретіні үшін таңдайды. Бәрінде орташа жылдамдық болған кезде автобус пен таксидің айырмашылығы онша болмайды. Бұл адамдардың тұрақты автобус қызметіне көбірек ауысуына әсер етеді", - деді министр.

Сонымен қатар, министр такси қызметіне рұқсат етілген километрге шектеу енгізу туралы да қоса кетті.

"Шетелде 50 шақырымнан артық жүруге болмайтын тәжірибе бар. Одан ұзақ жолға тек тұрақты автобус қызметіне ауысу керек. InDrive-ке 50 шақырымнан артық жүруге мүмкіндік болмайды. Заңсыз әрекеттермен айналысатын машиналардың көпшілігінде ақау бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар тұрақты автобус қызметтерін таңдауы қажет. Онда жүргізушілер медициналық куәландырудан, тұрақты кестеден өтеді", - деді Қарабаев.

Бұған дейін InDrive пен Yandex жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау туралы келісім жасасқаныын жеткізген еді. Министр жүргізушілердің белгіленген сағаттан артық жұмыс істей алмайтынын алға тартты.

"Яндексте жүргізуші кез-келген басқа есептік жазбаға кірмес бұрын, Face ID пайдаланады. Ал 8 сағаттан кейін ол автоматты түрде есептік жазбаға жіберілмейді", - деді министр.