Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үйіміз құлап қала ма деп қорқамыз" , - тұрғын

Қабырғалары сөгіліп, іргетасы жерге кіріп бара жатқан бас қаладағы мына ескі үйде 80 адам тұрады. Тұрғындар әрбір күнді үреймен өткізіп жатырмыз деп шағымдануда.

Жақсығали ЖАНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы үйді сносқа беру үшін мына кісілердің бәрі, көбі қағаз жинап жүр. Олар келіп айтады: мынандай ремонт істейміз, анау-мынау, ремонт керек емес. Акиматтан келеді, ананы-мынаны айтады, “біздер өйтеміз” деп, “біздер сөйтеміз” деп.

Елена ЗИНОВЬЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осында бір әйел тұрады. Қазір ауруханада. Мына жерде жатын бөлмесі бар, бірақ онда ұйықтамайды. Себебі едені төмен түсіп кеткен. Соның кесірінен жылу батареялары мен газ құбырлары да орнынан жылжып жатыр.

Бұл үйдің қолданысқа берілгеніне 60 жыл боп қалды. Соңғы 7 жылда 4 мәрте техникалық зерттеу жүргізілген. Тұрғындар сараптамалардың нәтижесімен келіспейді.

Ырысты МУСАИЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

17-ші жылдан бастап акиматқа өтініш жазған болатынбыз. Өтінішімізден бар жерде отписка келіп жатыр. Ешқандай нәтиже болмады. 4-5-шіні келеді де техобследование сол жерден жасайды да, кетіп қалады. Негізінде қауіпті 1-2-3 подъезд.

 Жауапты органдар аталмыш тұрғын үйді бұзу жұмыстары әзір жүргізілмейтінін мәлімдеді. Себебі техникалық тексеріс нәтижесінде объект тиісті тозу деңгейіне жетпеген.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ:

Қорытындылар мен ұсынымдарға сәйкес, негізгі құрылыс конструкцияларының тозу дәрежесі 57% анықталып, қазіргі уақытта, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, жоғарыда көрсетілген объект бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті рәсімдер жүргізілуде.