Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысындағы шошқалы көлінің жағасы тазартылды

Абай облысында "Бесқарағайдың інжу - маржанын сақтайық" атты тазалық акциясы өтті. Яғни, аудан орталығынан 85 шақырым жерде орналасқан Шошқалы көлінің жағасы қоқыстан тазартылып, қалдықтарды тастайтын жәшіктер орнатылды. Соңғы жылдары емдік қасиетімен танымал тұзды көлге туристердің қызығушылығы едеуір артқан. Акцияға қатысушылар игі іс арқылы демалушыларды табиғатты қорғауға және оның тазалығын сақтауға шақырды. 

НҰРЖАН АҒЫБАЕВ, БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Акция басталғалы біздің ауданымызда 120 іс шара өтті. Бүгін біз Інжу маржан көлінің басына жиналып отырмыз. Жиналып отырған себебіміз, бұл жерде бізде Қазақстанның түкпір түкпірінен келіп, көптеген өзіміздің демалушыларымыз, халқымыз келіп осы жерге демалады. Өйткені бұл көлдің бір емдік қасиеті бар.