Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда ауыл әкімдерінің форумы өтті

Түркістанда ауыл әкімдерінің форумы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, аумақтық партия филиалының төрағалары мен атқарушы хатшылары, 172 ауылдық округ әкімі қатысты. Олар «AMANAT» партиясының беделіне айналған «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары аясында жиі қойылатын сауалдарды талқылап, аталған бағдарламаларды жүзеге асырудың тетіктері мен талаптарын түсіндірді.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күнделіікті ауылдың тыныс-тіршілігімен таныс болатын, көзбе-көз, жүзбе-жүз көретін, халықпен етене жақын ауыл әкімдері болатындықтан партияның еншісінде өту жоспарланған болатын. Мемлекет басшысының өткен жылғы жолдауында партияның жақсы жобаларын атап өтті ғой. Бұл тиянақты жұмыстың басы деп айтқым келеді.