Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында 12 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2024
  • 638

Қостанай облысында полиция "синтетиканың" 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция Рудный қаласының аумағында 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Пәтерді тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар көптеген Zip-пакеттер және электрондық таразылар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып есептеледі.

"Өңірде "синтетикалық" есірткінің бір жарым мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді. Олардың құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңге. Есірткі сатумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Осы дерекке сәйкес, "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.