Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж-2024: Мысырлық спортшы жүктілігінің жетінші айында жарыс алаңына шыққан

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2024
  • 234

Семсерлесуден Мысыр құрамасының спортшысы Нада Хафез Париж олимпиадасына жүктілігінің жетінші айында қатысып, 1/8 финалға дейін жеткен. Бірақ спортшы 1/8 финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Чон Хаюнгтен 7:15 есебімен ұтылып қалды. Нада Хафез бұл жеңілісінен кейін Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, олимпиадаға жүктілігінің жетінші айында екенін мойындады.

“Расында, біз жарыс жолында үш адам болдық! Мен, қарсыласым және әлі дүниеге келмеген балам! Құрсағымдағы балам екеуіміз физикалық және эмиоциналдық тұрғыдан көп қиналдық. Мен бұл жазбаны дәл осы күйде 1/8 финалға дейін жеткенімді мақтан тұтып жазып отырмын. Мен қатысқан бұл үшінші олимпиада ерекше болды. Өйткені бұл жолы мен кішкентай олимпиадашыны алып келдім", - деді семсерші.

Айта кетейік, семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Әйгерім Сарыбай Париж олимпиадасында франциялық Манон Брюнеге есе жіберген еді.