Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда кәсіпкер жер инспекторына пышақпен шабуыл жасады

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2024
  • 140

Алматыда мемлекеттік жерді рұқсатсыз пайдаланып жүрген кәсіпкер жер инспекторына пышақпен шабуыл жасады. Жәбірленуші бір күн бұрын заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзуға пәрмен берген. Бұл шешіммен келіспеген бизнесмен инспекторға пышақ ала жүгірген. Абырой болғанда, суық қаруын сұғып үлгермепті. Десе де, тепкінің астында қалған инспектордың мұрны мен көзіне ауыр зақым келіп, қазір ем алып жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық қару тәркіленді.Басқа да мән-жайлар анықталуда.