Көкшетауда жас жолаушылар үшін мерекелік шоу ұйымдастырылды

Көкшетауда жас жолаушылар үшін мерекелік шоу ұйымдастырылды

Көкшетау станциясында жас жолаушылар үшін мерекелік шоу ұйымдастырылды. Шарада балаларға шоколад, тәтті сусындар және шарлар беріп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, балалар мен олардың ата-аналарына Қазақстан темір жолының тарихынан қызықты фактілер айтылды. Айта кетейік, іс-шара көлік қызметкерлері күнімен Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай өтті.