Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда самокат мінген екі қыз 52 жастағы әйелді қағып кеткен

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2024
  • 482

Алматыда самокат тізгіндеген екі қыз 52 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында есінен танып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер әйелге ұзақ емделу керек және біраз уақыт жұмыс істей алмайтындығын айтқан. Ал самокат тізгіндегендер арызды қайтарып алуыды сұрап, емнің ақысын төлейтіндіктерін жеткізген. Алайда жәбірленуші олар ұсынған соманың емге жетпейді деп отыр. Полиция департаментінің мәлімдеуінше жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келгені дәленденсе, әйелді қағып кеткен қыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.