Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне жанармай құйып жағып жіберген

Таразда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне жанармай құйып жағып жіберген. Денесін түгел күйік шалған - алты баланың анасы ауруханаға түсіп жансақтау бөлімінде таңға қарай жан тапсырған. Денесінің 98 пайызын күйік шалыпты. Отбасының ойранын шығарған жан түршігерлік жағдай кеше түнгі 11-лер шамасында қаладағы жер үйлердің бірінде орын алған. Баспанасы да отқа оранған. Үйде балалары болыпты. Күйеуі де қайтыс болды. Оның денесін үйдің маңынан тапқан. Ал, ата-анасы мен баспанасынан айрылған балалардың ең кішісі үште, үлкені 22 жаста екен.

Құндыз БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнынан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған. Аталған деректерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.