Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2024
  • 404

Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген.

"Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға орын алған жерден алты километр жерде орналасқан жағадан тауып алған", - деп хабарлады департамент. 

Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.