Русский Сайттың толық нұсқасы

Бурабайда таудан түсе алмаған үш турист құтқарылды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 235

Бурабай курортында тауға шығып, өздігінен түсе алмаған үш турист құтқарушылардың көмегіне жүгінді. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласынан келген 20 жас шамасындағы үш турист Бурабай курортының ең биік нүктесіне шыққан. Артынша, өздігінен жерге түсе алмаған олар құтқарушыларды көмекке шақырған.

«Құтқару жұмыстары үш сағатқа созылды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері туристерді арқанның көмегімен жерге түсірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - деді ведомстводан.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушылардан таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Сонымен бірге, төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.