Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда полиция автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 341

Алматыда Мамандандырылған күзет қызметінің қызметтік көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты.

- Үйімнің терезесінің алдында көлік апаты болды. Үлкен полиция автобусы жеңіл көлікті соқты. Келген полицейлердің сөзінше, жеңіл көлік сарыға өтіп жатқан, ал полиция автобусы орнынан ерте қозғалған. Абырой болғанда жүргізуші жігіт жарақат алса да, аман қалды, - деп жазды оқиға куәгері Евгений Мұхамеджанов.

Алматы қаласы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталып жатқанын хабарлады.

- Бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметтік көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Оқиға салдарынан «Сузуки» көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.