Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда маңындағы қар полигонынан 70 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қар полигонынан 70 тоннаға тарта қоқыс жиналды. “AMANAT” партиясының өкілдері мен еріктілерден құралған 100-ге жуық адам бас қала маңындағы аумақты тазалады. “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы бейсенбілік осымен 9-шы рет өткізілуде. Санитарлық шара қаланың әр ауданында әлі де жалғаспақ.

Мария ӨТЕБАЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір қаланың маңайында қоқыстардың барлығын кездейсоқ жерлерде төгіп-төгіп кеткен. Сол үшін қаланың маңайы ластанғаннан кейін біздер “AMANAT” партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен әр бейсенбі сайын “Таза бейсенбі” акциясы өтіп отырады.

Гүлбақыт ІЗБАСАРОВА, ЕРІКТІ:

Бізге де айтып жатыр мына қыста келетін қарлар осы жерге жиналады деп… қар ерігенде қалатын осындай мусорларды біздер, еріктілер, белсенділер келіп жинаймыз. Мусор өте көп. Жұмыс өте көп. Жасаймын деген адамға жұмыс табылады.