Русский Сайттың толық нұсқасы

«Лифтіде балалар мен аяғы ауыр әйелдер жиі қамалып қалады», - тұрғын

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2024
  • 389

Алматыда Ақкент тұрғын үй кешенінің пәтерлерін мекен еткен жұрт күн сайын “Жеделсаты істемей, іште қалып кетпейік” деп үрейленіп әбден шаршаған. Олардың айтуынша, лифт күніне 10 рет тоқтап қалады. Кейде құтқарушыларды сағаттап күтуге тура келеді екен. “Үлкендері тәуекел, бірақ балаларымыз қамалған кезде жанымызды қоярға жер таппаймыз” - дейді. Мәселені айтып шағымданғанымен, естір құлақ болмай тұр.

Назерке ҚАЛЖІГІТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

3 жасар балам былтыр жазда қалған кезде қорқып қалғаннан онда уже тұтықпа пайда болды. Менің өзімнің күйеуім екі этаждың ортасында тұрып, таңертең кетіп бара жатып через стена шыққан уақыттары да болған.

Бұл кешенде 104 шаңырақ тұрады. Пәтерлер тура бір жыл бұрын қолданысқа берілген екен. Бірде бар, бірде жоқ лифтінің өзі тегін емес. Әр тұрғын баспанасының көлеміне қарай шығындалады. Мәселен, 1 шаршы метр 12 теңгені құрайды.

Роза ҚАЗИХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздің мазамыз кетті. Себебі, мен аяғы ауыр қызыммен лифтіде 30-40 минутқа қалып қойдым. Оның алдында қызым жұмысқа бара жатқанда жарты сағат ішінде қалды. Я телефонмен звондай да алмадық. Бұл лифтінің шешімі енді бала-шағамыздың аман болғаны бәрімізге де жақсы. Сондықтан қорқам мен.

Ал пәтер иелері кооперативі тұрғындардың шағымымен келіспейді. Өздеріне шаң жуытпай, даудан басын ала қашты. Ақыры сенделген жұрт сансыз сауалдарына дөп жауап ести алмады.

Талғат ҚАМАЛОВ, «АҚКЕНТ FACILITY MANAGEMENT» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Күніне 10 рет тоқтамайды, бір. Екі, енді бұл механизм болған соң кейбір кезде ақаулықтар болуы мүмкін. Біз бұл ақаулықтарды тез 5-10 минуттың ішінде осы жерде өзіміздің лифтерларымыз бар.

Жауаптылар "бақылауды күшейтеміз" деп қысқа қайырды. Ал жөндеу жұмыстары жүргізіле ме, жоқ па - әзірге белгісіз. Жеделсатыдан көңілі қалған халықтың күтуден басқа амалы болмай тұр.