Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметтік тергеуге алынды

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметтік тергеуге алынды. Оған жақында ғана әлеуметтік желіге тараған видеосы себеп. Онда генерал қызметтік бабында отырып, қарамағандағы қызметкерлерді балағаттап, ар -намысына тигендігі анық көрінеді. Бұл жайт азаматтық қабылдаудан кейін, басшылық құраммен жеке сөйлесу кезінде орын алыпты. Аймақтың бас полицейінің бұл бейәдеп қылығы желіде тарап, талқыға түскен. Нәтижесінде ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы және өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері өңірге келіп тергеуді бастады.

ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығы бейнеленген видеоға қатысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тергеу жүргізілуде. Өңірге ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы және өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде облыстық ПД бастығы А. Баймурзин қызметінен шеттетілді.