Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлігіңіздің алдыңғы терезесін қараңғыласаңыз айыппұл арқалайсыз

Көлігіңіздің алдыңғы терезесін қараңғыласаңыз бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайсыз. Сондай-ақ темір тұлпарыңыздың нөмірі тәркіленеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше зауыттан шыққан автомобильдің әйнегі жарық түсіруден 70% кем болмауы қажет. Көлікті қараңғылау жол жүру қағидасынан алынып талсталғанымен, техникалық регламентте бар дейді сала мамандары.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүргізушінің алдыңғы орнын шектейтін бүйірдегі әйнектерді қараңғылауға тыйым салынған. Сәйкесінше бұл нормалар бұрыннан бар. Бір кішкене ғана жағдай жол жүрісі қағидаларынан 33 пунктінен алынып тасталды. Ратификацияланған заңмен жазылып тұр. Қарапйым тілмен айтатын болсақ жүргізушінің алдыңғы орнын, бүйір аймақтарын қараңғылауға болмайды.