Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы жарақат алды

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2024
  • 205

Астанада жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы жарақат алды. Оқиға Нұра ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмысшы 2 метрлік шұңқырға байқаусызда құлап кеткен. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер кісіге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оны сыртқа алып шықты. 

Жарақат алған жұмысшы "103" қызметіне тапсырылды.