Ақордада Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.
Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.