СҚО полициясы 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жетекшісі жүгінді. ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған. Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады.