Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Биылғы жартыжылдықта 231 мың адам жұмысқа орналасты, оның 98 мыңы тұрақты қызмет. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 36 мың адам онлайн білім алды. Ал халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға бизнес-бастамалары үшін 1,5 млн теңге көлемінде 4 мыңнан астам грант берілді. Сонымен қатар сапалы жұмыс орындарының саны 2,3 млн-ға жетіп, оның ішінде 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Мадияр УАҚБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғады. Атап айтқанда, 9,5 мың қызметкерге 2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек төленді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 19 мың қызметкердің еңбек құқығы қорғалды.