Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің түлектері кімнен, қайдан көмек сұрарын білмей дал болып жүр. Олардың мақсаты – интернатураға түсіп, арманындағы мамандықты толық меңгеру үшін резидентураға тапсыру. Десе де, Денсаулық сақтау министрлігі ҚазҰУ интернатурасында білім алғандардың дипломы резидентураға жарамсыз екенін айтқан. Келесі жылы интернатура бітіретін студенттер бұл шешіммен келіспейді.
Айдана ПАЗЫЛБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:
Біз бакалавр бітіргеннен кейін біз жай ғана здаровоохранение боламыз. Біз врач болу үшін интернатура бітіреміз. Интернатура бітіргеннен кейін ол диплом жеткіліксіз жұмысқа тұруға. Біз министерствоның астындағы соған қарасты жаңағы департаментке комитетке барып, біз жаңағы экзаменизация тапсырамыз.
Түлектер қалауындағы мамандықта кәсіби білім алып, жұмысқа орналасқысы келеді. Мәселен, Әлия Құдайберген жылына 1 миллион 70 мың теңге төлеп, ақылы бөлімде оқып шыққан. Әрі қарай интернатура мен резидентураға түсіп, психиатр-нарколог дипломын иемденуді армандайды.
Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕН, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:
Менің мысалы 5 жылдық оқуым зая кетпекші. Себебі әр жағында мен жалпы тәжірибелік дәрігер болуға ғана құқығым қалып тұр. Бірақ та мен 6-шы курсты тәмамдаған соң дәрігер ретінде сертификат алған соң барлық құқығыма сай мен әрі қарай жеке мамандық алғым келеді.
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің биылғы бакалавриат түлектері «5В» бағдарламасы негізінде қабылданған. Яғни, олар интернатураны тек бір жыл оқу керек болатын. Ал, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жаңа ережесі бойынша бағдарламаның атауы «6В» деп өзгертілген. Сәйкесінше, олар интернатурада екі жыл білім алуға міндетті. Студенттердің жаппай наразылығынан кейін университет басшылығы Денсаулық сақтау министрілігіне арнайы хат жолдаған.
Алтай ҚАЗМАҒАМБЕТОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:
Денсаулық министрлігі енді шешім қабылдады осы жақында. 1 жыл емес, 2 жыл оқу керек деген. 5+1 емес, 5+2 болу керек деп. Енді мәселе қалай шешіледі дегенде тағы 1 жыл оқытасыз деді. Егер де Минздравтың сондай шешімі болса, оқыт деген, онда оқытуға біз дайынбыз әрине тағы бір жыл.
Әсет ІЗДЕНОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазақ Ұлттық университетінің білім алушылары интернатураны тағы бір жыл оқиды. Содан соң өздері қалаған білім ордасына резидентураға түсе алады. Біз медицина қызметкерлерінің білімін басты назарда ұстаймыз. Негізінен, барлық Жоғарғы оқу ордасы қолданыстағы заңнама арқылы білім бағдарламасын жасауы керек. Осы тұста аталған университет заңнама аясында білім бағдарламасына түзету енгізуі керек.
Енді оқу ордасы білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізулері қажет. Ал интерндер тағы бір жыл білім алуларынан басқа амалдары жоқ. Бірақ одан кейін де олар резидентураға түсуге болатынына күмәнмен қарап отыр.