Русский Сайттың толық нұсқасы

«55-75 доллар»: Erke мен RaiM Америкада өтетін концертінің билет бағасын жариялады

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2024
  • 234

Екеуі АҚШ-тың төрт штатында концерт береді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнерлі жұп Erke мен RaiM қыркүйек айында АҚШ-тың төрт қаласында концерт беруді жоспарлап отыр. 

Концертке билетті арнайы платформадан алуға болады. Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында. Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарлады.

Айта кетейік, Хьюстондағы концерт 4 қыркүйек, Чикагодағысы 5 қыркүйек, ал Лос-Анджелестегі концерт 6 қыркүйекке жоспарланған. Әншілер ең соңғы болып Нью-Йоркте 7 қыркүйек күні өнер көрсетіп, Америка турын аяқтайды.