Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының алтын медаліне таласады

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2024
  • 321

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. 

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті. 

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.