Русский Сайттың толық нұсқасы

Бурабайда таудан түсе алмаған зейнеткер құтқарылды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2024
  • 390

Бурабайда тауға шығып, өздігінен түсе алмаған зейнеткерге құтқарушылар көмекке келді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зейнеткер әйел Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, Бурабайға демалуға келген. 

«Тауға шыққан әйел аяғының жарақатына байланысты өздігінен түсе алмады. Құтқарушылар оны зембілдің көмегімен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері демалушылардан таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Сонымен бірге, төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалуды еске салады,- деп хабарлайды Қазақпарат.