Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда газ бен тежегішті шатастырып алған қыз 2 адамды қағып кетті

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2024
  • 248

Алматыда көлікті тұраққа қоймақ болған қыз екі адамды басып кетті. Hyundai Sonata көлігін тізгіндеген жүргізуші артында үш адам жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқанын байқаған. Көлікті дереу тоқтатамын деп, тежегіштің орнына газды басып жібереді. Көлік пен ағаштың ортасында қысылып, қатты зақым алған 69 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Ермек ЖЕЛДІБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші зардап шеккен 1959 жылы туған әйел азаматша да өте ауыр жарақат алған. Соның ішінде ауыр, қосарланған аралас жарақат, жабық кеуде жарақаты және бірнеше қабырғасы сынған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақталып, жан сақтау бөлімінен травматология және ортопедия бөліміне ауыстырылды.