Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында екі жігіт әжетхана шұңқырына құлап қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2024
  • 251

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында екі жігіт далада орналасқан әжетхана шұңқырына түсіп, қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, көз жұмғандардың бірі ұялы телефонын құлатып алады. Оны алуға ұмтылған жігіттер улы газға тұншығып, оқиға орнында көз жұмған.

Ернар САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қарасай аудандық полиция қызметкерлері адамның қайтыс болу дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайларын зерттеуде толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалды. Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға берілетін болады.