Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткі тасымалдаушылар қылмыстарын жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмыстарын жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған. “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында тәртіп сақшылары лексус маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп, жағып жібермек болды. Алайда полиция қызметкерлері өртті дер кезінде ауыздықтаған. Тексеріс барысында темір тұлпардың жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған, салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана табылды. Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.