Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында 600 қап алтын ұрланды

Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері 600 қап алтын ұрлап кетті. Қазір ұрлауға қатысы барлар құрықталды. Олардан кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, қаражат, сондай-ақ 9 атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, "Қаракөз" карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің 2 бригадасы ұсталды. 17 адам заңсыз кен өндіріп, шахталарға кірген. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, биыл бірнеш өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылды. Ондаған тонна кен тәркіленді.