«Нұр
Отан» партиясы студенттерді жаңа технологияларды игеру әдісімен оқытуға
шақырды. Бұл ұсыныс қоғамдық қабылдау бөлмесінде Елбасы жолдауын түсіндіруге
арналған шарада айтылды. Партия жанындағы Саяси сараптама орталығының директоры
Юлия Кучинская ІТ технологияларды барлық бағытта дамыту керек деген Елбасы
тапсырмасын атап өтті. Оның айтуынша,
білім ошақтарында әлі күнге ескі құрылғылармен оқыту жалғасып келеді.
Сондай-ақ, дайын мамандарды қайта даярлықтан өткізу керектігін де еске
салды.
Юлия
Кучинская, «Нұр Отан» партиясы саяси сараптама орталығының директоры:
Заманауи
емдеу саласында 3Д принтинг қолданылып жатқанда, біздегі медуниверситеттер ескі
құрылғылармен оқытады. Егер бұлай
жалғасар болса, 5 жылдан соң мамандар бүгінгі инновациялық технологияларды
қолдана алмайды деп ойлаймын. Бұл мысалдарды басқа салаларға қатысты да
келтіруге болады.
Жұмажан
Жүкенов, «Нұр Отан» республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің
меңгерушісі:
Жолдаудың
негізгі 5 басымдылығы туралы түсіндіріп айту. Оның аясында ең негізгі мақсаты осы жолдаудың - ол халықтың жағдайын көтеру, мұң-мұқтаждарын тыңдау.