Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Бұл мәселе БҚО Бөрлі ауданында 100 пайыз шешілді. Тасқыннан 126 үй апатты деп танылды. Соның ішінде 66 тұрғын үй иелері үшін пәтерлер сатып алынып, қалған 60 үй иелері үшін тұрғын үй құрылыстары жүргізілді. Барлығы жаңа қонысқа кірді.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған тапсырмасы орындалды. Халқым сол кезде қиындық көрген болса, қайда барамыз, қандай жағдай болады, үйіміздің өтемақысы бола ма, тұрғын үй салына ма деген үлкен уайымда болған болса, соның бәрі артта қалды дегім келеді. Қазір демеушілердің көмегі арқасында үйлерді уақтылы салып, және сапасы да жақсы, кілттерін тапсырып жатырмыз. Қазір қалада жүріп жатқан тұрғын үйлердің құрылысын біз 1 қыркүйекке дейін аяқтағымыз келеді.

73 жастағы Мақпал Нұрғалиева бүгін аса қуанышты. Өңір басшысының қолынан жаңа баспананың кілтін алды. Ертең қоныс тойын тойламақ. Ал осыдан тура 4 ай бұрын зейнеткердің үйін су басып, бар жиған-тергенінен айрылған болатын. Сол кезде «ешкім де далада қалмайды», - деген Мемлекет басшысының сөзі көңілге демеу болды дейді ол.

Мақпал НҰРҒАЛИЕВА, АҚСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қатты болды. Кіре алмай, азар кірдік, жиналып шығуға Ақсайға. Үй құлады. Қарады комиссия. Жарамсыз деді. Саман үгіліп құлап жатыр ғой. Іргесінің бәрі құлады. Рахмет,Үкімет қалдырған жоқ. Бастысы Президентімізге, басшыларымызға рахмет!

Қазіргі таңда облыста мыңнан астам баспана сатып алынып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға берілді. 775 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп,баспана мәселесі толығымен шешілді. Бүгінгі таңда зардап шеккендерге 1004 үй сатып алынып, 1209 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды....Жалпы қаржыландыру көлемі 1,6 млрд. теңгені құрап.Құрылыс жұмыстары демеушілердің көмегімен жүргізілді.