Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда теміржолшылар күні аталып өтілді

Екібастұзда теміржолшылар күні аталып өтілді. Бұған дейін шаһарда бұл мереке бұндай кең ауқымда тойланбаған. Шараны «RAILWAYS SYSTEMS KZ» компаниясы ұйымдастырды. Бұл кәсіпорын теміржол дөңгелектері мен тіркемелерін шығарады. Елімізде теңдесі жоқ бірегей өндіріс орыны 12 жылдан бері ішкі нарықта жұмыс істеп келеді. Компанияда 3 мыңдай адам бар. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 4 мыңға жеткізу жоспары қойылған. Ол үшін жаңадан тағы бір зауыт салынбақ.

Роман ПАВЛИНГЕ, «RAILWAYS SYSTEMS KZ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз қызметкерлерімізге арнап 3 біредей үй салдық. Алдағы уақытта тағы 2 үй салуды жоспарлап отырмыз. Біздің кәсіпорында әр қаладан келіп жұмыс істейтін мамандар көп. Сондықтан оларға қолайлы жағдай жасағымыз келеді. Бұдан бөлек жеңілдетілген пайызбен ипотекалық несие беруді де ойластырып жатырмыз. Басты мақсат қызметкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне бар жағдайды жасау.

Жүсіп Ахметов - теміржол саласында 35 жыл қызмет етеді. Еңбек жолын көмір өнеркәсібінде теміржолшы болып бастаған. Қазір Екібастұздағы "Проммашкомплект" кәсіпорында бригада басшысы болып қызмет атқарып жатыр. Мереке қарсаңында ол ұзақ жылғы еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды.

Жүсіп АХМЕТОВ, "ПРОММАШКОМПЛЕКТ" ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Екібастұздықтарды теміржолшылар күнімен құттықтаймын. Енді, міне, біздің еңбегімізді бағалап, әкімнен не алып, көптен көп рахметімізді айтамыз. Үйренген тәжірбиемізді жастарға беріп, үйретіп жатырмын. Жастар біздің болашағымыз ғой.

Мереке қарсаңында компания өз жұмысшылары арасында ұтыс ойындарын өткізді. Басты сыйлық автокөлік ойнатылды. Ал екібастұздықтар қалада көптен бері мұндай мерекелік іс-шара болмағанын айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

Енді әр жыл сайын осындай кәсіби мерекемізді тойлап жатырмыз. Енді бүгін біздің қаламызда ерекше тойланып жатыр. Сондықтан өзімнің барлық әріптестерімді құттықтаймын. Біздің кәсіподақтарымызға рахмет! Осындай той жасап жатқаныңызға.

Өте керемет! Жылда жылда болса екен деймін осындай іс шаралар. Мұндай жақсы мерекелер бола берсін, көбейе берсін.! Қазақстанымыз осылай көркейе берсін!

Ұйымдастырушыларда жақсы. Тамаша жылда осылай бола берсін жылда жылда. Бірінші рет осындай дөкей концерт болып жатқаны. Шет елдерден міне әншілер келіп жатыр. Бәрі жақсы.

Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Мұнда отандық және шетелдік әншілер өнер көрсетті. Алдағы уақытта компания теміржолшылар күнін жалпыхалықтық мереке ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырмақ.