Оралда
пәтеріндегі жылу жүйесін заңсыз өзгерткендер көбейіп барады. Пысықайлар балконын бөлмеге қосып кеңейтіп, еденіне жылу
құбырын жүргізуді әдетке айналдырған. Қаладағы әрбір көпқабатты үйде кемінде
3-4 пәтердің жылу жүйесі осылай өзгертілген. Жылу таратушылар осының кесірінен
үйге берілетін жылу азайып, көрші пәтерлер зардап шегеді,-дейді. Әрі бұл -
заңға қайшы. Мұндай пәтерлер тұрғындардың арызы бойынша тексеріледі екен.
Осындай шаралар кезінде "Жайықжылуқуат" мекемесінің қызметкерлері 60
пәтер мен 4 дүкеннің және бір дәріхананың жылу жүйесі өзгертілгенін
анықтады.
Бекболат
Қамешов, "Жайықжылуқуат" АҚ жылу инспекциясының басшысы:
Біздер
оларға ескерту береміз. Үш күннің ішінде олар орнына келтіруі керек бәрін. Олар
штрафтан қорқып, бәрін орнына келтіреді. Штраф бізде жеке адамдарға 106 мың, ал
заңды тұлғаларға 150-200 АЕК дейін. Көбі сол штрафтан қорқады.