Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жаңа мурал пайда болды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2024
  • 162

Астанадағы Бейбарыс Сұлтан көшесінде "Бүркітші" атты жаңа мурал пайда болды. Ол 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында қалада өтетін Дүниежүзілік көшпенділердің ойындарына арналған.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, муралдың биіктігі - 16 метр. Онда бүркітті аспанға ұшырған бүркітші ер адам бейнеленген, бұл ойындардың басталуын білдіреді.

"Суреттің фонында көшпенділердің көркем жерлері, көшпелі өмір бостандығы мен мәдени дәстүрді бейнелейтін таулар мен киіз үйлер бар", - деп хабарлады әкімдік.