Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық дәрігерлер тамағына темір кіріп кеткен 9 жастағы баланы 1,5 сағатта аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2024
  • 459

Алматыда 9 жастағы бала велосипедтен құлап, темір қоршаудың 13 см-дей бөлігі тамағына кіріп кетті. Аураханаға жедел жеткізіліп, дәрігелер шұғыл операция істеді. 1,5 сағатта металды алды. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланып, 2 дәрежесі травматикалық шок алғаны белгілі болды.

Мейіржан ҚҰРМАНАЛИЕВ, БАЛАЛАРҒА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ота кезінде жалпы жансыздандырумен темір алынды. Темір мойынның алдыңғы беті зақымдалған. Кеңірдектің алдыңғы беті жыртылғаны байқалды. Төменгі жақтың сынғаны байқалды. Ота кезінде трахияның алдыңғы бетінің пластикасы жасалды. Мойынның алдыңғы бетінің пластикасы жасалып кетті. Бала реанимация бөлімшесінде 3 тәуліктей болды. Қазіргі уақытта бала бөлімшеде емін алып жатыр. Толық есінде. Тыныс алуы жақсы.