Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қоқыс таситын жүк көлік аударылып қалды

Павлодарда қоқыс таситын жүк көлік аударылып қалды. Оқыс оқиға Малайсары көшесінде болған. Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың ортасында аударылған. Салдарынан жүргізуші медициналық көмекке жүгінді. Осы іс бойынша полиция іс қозғады.