Жамбыл облысында 45,4 мың гектар жайылымдық жер мақсатты пайдаланылмай отыр. Оны екі жыл бұрын Жер ресурстарын басқару комитеті «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тексеріс жүргізген кезде анықтаған. Жерді мемлекет меншілігіне қайтару үшін сотқа берген. Ал үлескерлер оны кеш білдік деп шағымдануда.
Өмірәлі ДАНИЯРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Нақты талабымыз жерлерімізді қайтарып алсақ өзіміздің егістік жайылымдық жерімізді. Болашақта артымыздағы бала-шағаларымызға мұраға қалдырып кететін.
Бектас ИСАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Қайнар агроның есебіне берілген біздің неміз ақтамады. Көп кемшіліктер болды. Сол сұрақпен айтатын жерлерге шағымданамыз. Халықтың жай айқай сол.
«Қайнар Агро»-ЖШС барлық пай үлескерлерінің жалпы саны - 436 азамат құрайды. Серіктестік пен үлескерлер арасында жер мәселесі шиеленісіп отыр. Жылдық дивидент төйленбеген, құрылтайшылар үлескерлердің мұң-мұқтажы тыңдалмаған. Осының кесірінен жер дауы туындаған. Ек жақтың мәселесін тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаты,
«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек өз көмегемді аямаймын деп отыр.
Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Енді көмекшім тікелей байланыста болады мына «Қайнар Агроның» үлескерлерімен байланыста болады. Себебі ол бұл жерде шиеленіс. Біздің негізгі мақсатымыз халық үшін еркін мал жаятын жерлерді қамтамасыз ету. Сондықтан бұл жерде мәселені түпкілікті шешу оңай емес. Сотпен шешілетін дүние. Сондықтанда енді біз Қайнар агроның үлескерлерімен байланыста боламыз. Құқықтық көмешімізді іске асырып отыратын боламыз.