Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды. Көрме Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеден ағаштан ойып немесе ағашқа өрнектеп салған бұйымдары, Ташкент, Бұхара мен Самарқанд шеберлерінің сюзане кестелері, марғұландық шеберлердің қолдан тоқыған атластары мен жібектері, Риштан мен Гиждуван шеберлерінің нақыштары мен миниатюралары, керамика бұйымдарын да көруге болады. Экспозицияға барлығы 80-ге жуық картина және 100-ден астам сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.

Сенбіғали СМАҒҰЛОВ, СУРЕТШІ:

Біздің мына қазақ өнер сүйер қауымы үшін үлкен оқиға. Осы көрмені көруге қуаныштымын! Біздің жастар үшін көрермендер үшін әсіресе мына суретші қауымға әрекеті зор.