Бригадалар ақауды жойып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Коммуналдық апат Дүйсенов көшесі, 12 мекенжайында орын алды. Жер астынан атқылап шыққан су бес қабатты үйдің биіктігіне жетті.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, судың температурасы 45 градустан аспайды. Ақау шыққан желіні жөндеуге алды.