Астанада «Барыс Арена» спорт кешенінің алдындағы жол толығымен жабылады. Автобус та жүрмейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойынша Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жүргізеді», - деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 7-9 тамызы аралығында толығымен жабылады.