Қырғызстан республикасының президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Астанаға келеді.
Қырғызстан Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында қырғыз басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді.
«Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталады»,- деді Мұратбек Әзімбақиев.
Сондай-ақ, саммит аясында Садыр Жапаров «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумына қатысады.