Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі бухгалтер бюджеттен 99 млн теңгені жымқырды – Бигайдаров

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2024
  • 353

Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Тұран ауданы әкімі аппаратының “Туранбас” бухгалтері Асановаға және Төлеби ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жарық-жол” бас бухгалтері Беспаеваға қатысты үкім шығарды, - деді ресми өкіл.

Асанова мен Беспаева жалған бухгалтерлік құжаттар негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударған.

Олар 2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды. Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 99 млн теңгені құрады. Сот үкімімен Асанова мен Беспаеваға 8 және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айрылды, - деді Бигайдаров.

Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.