Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада жедел жәрдем көлігін мас күйінде жүргізген жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем көлігін мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды. «Самара-Шымкент» тасжолында полицейлер оны тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында оғаш қылығын аңғарған. Арнайы медициналық тексеру қорытындысы жүргізішінің масаң күйде болғанын растаған. Қазір ол қамауда.

Дархан АЛМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТА КОМАНДИРІ:

Жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізші куәлігінен айырылды. Айта кетейік өңірде 6 мен 8 аралығында «Қауіпсіз жол» жедел шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.