Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты. Оның бесеуі – оқушы. Қайғылы оқиға бүгін Ақтөбеден Маңғыстауға бара жатқан Самара-Шымкент автожолында болған. Олар жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол турниріне қатысу үшін Маңғыстау облысына жолға шыққан. Алайда, бұл турнир Білім немесе Спорт басқармасының кестесінде жоқ. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.