Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары бекітілді

Елдің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.Жыл басынан бері ұзақ талықлаудан өткен құжат бүгін бекітілді. Бұны еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қабылданған маңызды Стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы деуге болады.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

2011 жылдан бері осындай бес жылдық жоспарларымыз бар. Ал енді мынау қазіргі қабылданып жатқан солардың жалғасы реттес. Бірақ өзгешелігі не, президенттің 2029 жылғы өзінің берген уәделері, өзінің берген бағдарламалары соларды мен жүзеге асыруым керек. Осы бүкіл халқымызбен бірге жұмыс істеуіміз керек деген жоспар керек сияқты еді. Жалпы ішкі өнімді екі есеге жеткізуге не істеуіміз керек дегенде осы жауап береді.

Ұлттық даму жоспары 17 нақты бағытты қамтып, елдің жаңа экономикалық модельге көшуін жүзеге асырады. Құжатта экономиканың жылдық өсу қарқынын 6-7% көлемінде сақтай отырып, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі 2 есеге дейін өсіру көзделген. Сондай-ақ, ел азаматтарының әл-ауқаты айтарлықтай артып, орташа жалақы жоғарылауы керек. Жаспардың ең басты мақсаты – еліміздің ЖІӨ-ін 2029 жылға қарай 450 млрд АҚШ долларға жеткізу.

Бекнұр ҚИСЫҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Біріншіден инрақұрылым, адами капитал және біздің мынау экономикамызға 5 пайызға дейін өсу керек. Оданда жоғары тұру керек жәнеде бізде иновациялық жағымен және цифрлық яғни сандық технологияны енгізуіміз керек. Соның арқасында біз экономиканы тез көтере аламыз.

Елдің Ұлттық даму жоспарында білім, ғылым, денсаулық сақтау салалары бойынша межелі міндеттер қойылған. Мәселен, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2029 жылға қарай 100%-ды құрауы тиіс. Алдағы бес жылда денсаулық сақтау жүйесі де кешенді жаңғырып, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 77 жасқа жетуі мүмкін. 2029 жылға дейін әлеуметтік қолдау шаралары да өз нәтижесін беріп, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі қысқаруы керек.