Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесі екі ел серіктестігін кеңейтеді — Шавкат Мирзиёев

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2024
  • 221

 Қазақстан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесі екі ел серіктестігін кеңейтеді. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Қазақстан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев айтты.

«Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы! Делегация мүшелері! Қонақжай қазақ елінде делегациямызға көрсетіліп жатқан құрмет үшін және бір рет алғысымды айтамын. Бұл сапарымыз халықтарымыз арасындағы ежелгі тату көрші әрі достықтың белгісі, стратегиялық серіктестіктігімізді сан жағынан жаңа кезеңге көтереді десем, әсіре айтқандық емес. Бүгін Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын ашып берудеміз. Екі жақты қарым-қанынастарымыз үшін бұл елеулі оқиға серіктестігімізді одан ары кеңейтуге, дос әрі туысқан халықтарымыздың өркендеуіне қызмет етеді», — деп атап өтті өз кезегінде Өзбекстан Президенті.