Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2017
  • 2759

Діни экстремизм мәселелерін реттеп, заңнаманы қайта қарастыру қажет. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдау кезінде осылай деп мәлімдеді. Президентке есеп берген сала басшысы елдегі жағдай тұрақты екенін айтты. Елбасы бұған дейін елімізде мұндай министрлік болмағанын тілге тиек етіп, діни қоғамдастықтармен үкіметтік емес сектормен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазіргі қалыптасып отырған ахуалға байланысты әдейлеген осындай министерство құрылды. Ол министерствоға артатын үміт өте үлкен. Бұрын-соңды мұндай министерство болған жоқ. Дін басқарып отырған азаматтармен бірге жұмыс істеуі керек.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Нұрсұлтан Әбішұлы, дін саласында жағдай тұрақты. Елімізде 18 конфессия бар. Оның барлығы 3600 астам діни бірлестіктен тіркелген. Қазір біздің басты мақсатымыз - дін саласында этнос және конфессия аралық татулықты келісімді сақтап, өзіміздің  Қазақстанға тән сондай бір мемлекеттің діни бірлестіктер арасындағы өзіміздің жүйемізді қалыптастыру. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Министрлік құрылғалы кадрлық мәселелер шешілген.